Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  133


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚЫЗДАР ОЙЫНЫ

Ойын қуып құр жүрген
Аңқау бала – бұл біздер.
Көп қыз бізді бір-бірден
Ұстап алып: «Сүйгіз!... дер.
Білгеміз жоқ, білмедім –
Неге істеді соны олар?
Бізді неге сүйгенін –
Сұлғын, Жазгүл, Соналар.
Ойын бітпей онысын
Қоймайтын-ды, ал онда
Өкпелеп те сол үшін
Қалатынбыз оларға.
Жылдар салып араға,
Ауылыма оралдым.
Жанғырығып санада,
Ойыны тұр солардың.
Елеңдеймін бір мезет,
Еске түсіп əз күндер.
Тағы қоршап сүйсе деп,
Сона, Сұлғын, Жазгүлдер...
Шамдар сөнген.
Ырғала
Ұясына кіргенде Ай.
Қыздар маған ұрлана
Үйінен қарап тұрғандай.
Ойым бірге солармен,
Не ойлады ал олар?
Бəлкім, олар таңертең
Бір баланы қоршалар.
Ал ол бала, күрсінер
Сағынып, бəлкім бұл кезді.
Көп жылдан соң түсінер,
«Сүйгіз!» деген бұл сөзді!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу