Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  75


Автор: Түрікмен поэзиясы

Ай əшекей өрмегін

Ай əшекей өрмегін
Көк төріне құрады.
Түн жұлдыздар керуенің
Жолға салып тұрады.
Түнгі ауыл үстінде
Бір тыныштық орнайды.
Жұлдыздардың сынығы
Атқан оқтай зулайды.
Ғашықтарды сүйіскен
Ұялтқысы келмей ме,
Ай сығалап мүйістен,
Жасырынар ол кейде.
Енді бірде ол сенің
Дос құрбыңнан аумайды.
Ұялатып мол сенім,
Көңіліңді аулайды.
Аймен бірге дөңгелеп
Билеп кеткің келсе сол,
Көздеріміз сол мезет
Түйіскенін көрсеші ол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу