Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  79


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жатып алған қыс мүлде....

Жатып алған қыс мүлде,
Тапжылмастай боп тегі.
Кенет...Өзен үстінде
Көктем қуып жетті оны.
Ескі аңыздың үстінен
Түрегеліп екі жел,
Қуып берді мұзды сең,
Қысты қылжақ етіп ол.
Шуағымен желпіген
Сондай жылы Күн түсі.
Сипап өтті бетімнен
Түрікмен қыздың күлкісі.
Сол күлкінің ішінде
Бəрі-бəрі тегінде:
Өңім, көрген түсім де,
Үмітім бар менің де.
Сезім біткен төгіле,
Бүрлеп, көктем кеткен бе.
Сүйіктімнің өзі де
Айналғандай көктемге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу