Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

ХОРАСАН ТЫРНАЛАРЫ

Хорасанның тырналары
Бастан ауып бұл барады
Жаңбырлы бір күндердей.
Дала оянды ұйқысынан,
Көкжиектің бұл тұсынан
Кім өтерін білгендей.
Менің жаным елеңдейді,
Тырналарға ерем дейді,
Тобына кеп кіргендей.
Сол тырналар қимасымдай,
Тұрмын жалғыз қырға сыймай,
Тізбегіне көз тастап.
О, Қарақұм! Шырқап əнін
Қайта оралар тырналарың,
Көсемдері жол бастап.
Күлкі – болса көз жақұты,
Мұңның да бар өз бақыты,
Өмір солай жалғаспақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу