Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  196


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бүркіт

Кең аспанды кеуледі де ақ жарқыл,
Күн де шықты,
Шұғыласын таң бүркіп.
Заңғар көкпен бой таласып таулар тұр,
Таулардан да биікте жүр ал бүркіт.
Көк төрінде шаңқыл үні жаңғырып,
Шарықтайды ол дауылдатып, ағындап.
Жастық қуат емес бірақ мəңгілік,
Тозар жүрек, қанаты да ауырлап.
Кəрі бүркіт таусылған бар амалы,
Төмендейді,
Қиялап тау шатқалын.
Кенет көзі шалып, байқап қалады
Бір жерлерде өлексенің жатқанын.
Ал несі бар, үстіне оның бар да түс,
Басқа амал жоқ,
Халің мүшкіл,
Қарның аш.
Бірақ... бірақ бүркіт болып туған құс
Өлсе олар...
Өлексеге жоламас.
Шаңқ етті де,
Шырқап шықты биікке.
Тау – төменде,
Бүркіт кетті шығандап.
Қыран сірə басын төмен иіп пе,
Ол өз даңқын өрлігімен шығармақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу