Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  125


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ АНАМ

Мені жолға шығарып сал, анашым,
Бөгей берсең – босқа əуре боласың.
Балапандар əйтеуір бір ұшады,
Аналар да жолға салар баласын.
Біздің тар үй өзіңменен кең еді,
Мейірімнің бесігіне бөледі.
Бірақ өзім түсінбеймін,
Сезіндім –
Арқамдағы ауыр жүктей мен оны.
Қар да жаумас қалу үшін аспанда,
Күн де шықпас құр əншейін мақтанға.
Тау бұлағы кең жазықта ақпай ма,
Тұрмау үшін қамалып бір тастарға.
Бұл шындықты жасырмаймын сенен де,
Жол шақырса, дегбір қашар менен де.
Неге онда жарты жолда, анашым,
Мені алып кетем дейсің кері – елге?
Бала күннен арман қуып өстім мен,
Мұны өзің де жасырмайсың ешкімнен.
Мен бір бұлақ, арна салып өзіне,
Үлкен жолда балаң үні естілген.
Алда мені күтіп тұр ғой қия, шың,
Батаңды бер,
Бойға сенім құясың.
Балапандар əйтеуір бір ұшпай ма,
Тастап шығып жылы, жайлы ұясын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу