Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  112


Автор: Түрікмен поэзиясы

БІЗ БІРГЕ БОЛҒАНДА

Күлші жаным! Нұр шашырап көзіңнен –
Мен қасыңда болғанда.
Күлші жаным! Қайғы кетсін сезімнен –
Мен қасыңда болғанда.
Күлкің – маған ең бір əсем ұтқыр əн,
Бақыттымын ол барда.
Мен осынау жер бетінде нық тұрам –
Сен қасымда болғанда.
Сөз табылмас сұлулығыңа тең келер,
Сенен артық жан бар ма.
Əр күн маған қуанышын əкелер –
Сен қасымда болғанда.
Өзіңменен ұзарады өрісім,
Сенсіз өмір – тозақ болар жалғанда.
Еш бөгет жоқ бұл өмірде мен үшін –
Сен қасымда болғанда.
Сен жоқ жерде – көрем дүние түнегін,
Кезігемін сəтсіздік пен сорға сан.
Жарға соққан толқындай ғой – жүрегім,
Сен қасымда болмасаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу