Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  85


Автор: Түрікмен поэзиясы

Арша

Арша ектім есігімнің алдына,
Өз ісіме көңілім əбден толды да,
Құнары мол топыраққа тойдырып,
Суарамын жəне шөлін қандыра.
Баптап күттім кəнігі бір бағбанша,
Бірақ өспей,
Керсінше, солды арша.
Күндер өтіп жатты солай,
Ал бірақ
Түк шықпады тыраштансам мен қанша.
Сонда бір күн келіп көрші ақсақал,
Былай деді:
– Емес бұған бақша тар.
Бірақ, балам,
Құс – аспанда.
Ал балық
Теңізінде өніп-өсіп, ұрықтанар.
Ал аршаның орны тауда емес пе ед,
Тастың жігін жарып шығып, ол өспек.
Қорықпайды ол найзағайдан, нөсерден,
Бүрін өбіп, гүлін сүйер жел ескек.
Біле білсең, адам тектес бұл арша,
Жеңілдікті ұнатпайды тым онша.
Тамырымен тасты жарып өседі ол,
Ал адамдар қиыннан жол шығарса




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу