Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  84


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖАҒАДА

Қос жағада қалып қойдық екеуміз,
Көпірі жоқ судан қалай өтерміз.
Ауық-ауық қарайлайсың мен жаққа,
Менің жайым қалай болмақ сен жоқта.
Тездеп сенің табылмақ боп қасыңнан,
Небір айла ойлап көрем тосыннан...
Өткел бермес қорқып асау толқыннан,
Орамалың бұлғап тұрсың сен маған.
Ал долы өзен ағып жатыр аунақшып,
Таяп барсаң, əкетердей ол қақшып...
Қорқасың да жақындауға сен оған,
Қарайлайсың маған арғы жағадан.
Өзен суы қанша дүлей, қорқынышты болса да,
Маған жеткің келетіндей жан сала.
Тұрмыз біздер бір үміттен қуат ап,
Екеуміздің ойымыз бір,
Мұң – ортақ.
Көзімді алмай өзің тұрған жағадан,
Саған деген сағынышқа қамалам.
Мұңлы, сазды əнге ұқсап бейне бір,
Жүрегіме мəңгі орнадың сен менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу