Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЕНІ СҮЙІП...

Берші маған бір жұтым су,
Шөлдедім..
Махаббаттың жібек жібі үзілді.
Ал махаббат – тағдырым ғой ол менің,
Не бар екен одан ыстық, қызулы.
Қатты иілдім,
Бірақ сынбай қалдым мен,
Түсінбедің ал сен менің жанымды...
Жалбарынып,
Жауап күттім əр күннен,
Сөндірмедік жүректегі жалынды.
Өрт ішіне мені тастап,
Кеттің сен,
Кешкі іңірдің көлеңкесін бүркеніп.
Сені сүйген бұл жүрегім
Шоқ түскен
Бір жапырақ қағаз құрлы өртеніп.
Бəлкім мені жатқа қиып үлгердің,
Бірақ одан кім ұтылды,
Кім ұтып.
Өртте қалдым.
Отқа жандым.
Күл болдым.
Бірақ сені кете алмадым ұмытып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу