Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАЛШЫҚТАН СОҒЫЛҒАН ҮЙ

Төрт бөлмелі менің үйім – балшықтан,
Ауылдағы жұпыны үйдің ол бірі.
Сонда да ол маған қымбат,
Əр тұстан
Естіледі өмірімнің мол жыры.
Мен сол үйде келдім жарық дүниеге,
Өмір жібі оған мені байлаған.
Жіптің ұшын ұстап тұрған кім деме,
Ол Анам ғой, күнде мені ойлаған.
Қайда барсам, тағдыр қайда тартса да,
Тастағам жоқ, айырылмаймын сол жіптен.
Анам мені жас баладай аймалап,
Құшақтайды... өзгермейді ол тіптен!
Менің үйім қарапайым соншама!
Ауласында жалаң аяқ жүгіргем!
Əр бұрышы маған таныс болса да,
Таң қала бір қарап тұрмын бүгін мен.
Үйдің суы мөлдір, таза, əрине!
Ескі есіктің сықыры əн демес кім!?
Төрт бөлмелі сол бір жұмақ тар үйде
Кең пейілді, мейірімді боп мен өстім.
Ұмытылған түс секілді бұл үйге
Сағынышпен əлі талай оралам.
Құпияға, сырға толы күйінде
Балалықтың куəсіндей ол маған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу