Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  162


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жоқ ешқандай өкініш те, өкпем де....

Жоқ ешқандай өкініш те, өкпем де,
Талай дүние ұмыт болып кеткен бе?
Ол бəрібір өшпек емес санамнан,
Тұр жадымда іздер,
Таныс көп пенде.
Туған жерге тұрмын, міне, тағы кеп,
Бал бұлақтың суын іштім нəрі көп.
Бала күндей тал түбіне жатып ап
Көз тігіп ем, жұлдыз көрдім саны көп.
Сол балалық қалып қойған шалғайда,
Елес болып жанарымды арбай ма?
Талай тікен кірген еді табанға,
Міне алмаған тұлпарларым, ол қайда?
... Жылы ұшырап туған мекен баяғы,
Бəз қалпында маған құшақ жаяды.
Балалықпен болып едім қауышпақ,
Тым алыстан жəутең қақты жанары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу