Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  87


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТОСТАҒАН

Тағамды тізіп қойғанда
Дастарқанды бастаған,
Мереке мен тойларда
Орны бөлек тостаған.
Тостағанды толтырып
Шарап ішіп, шалқыған
Өтті күндер,
Ел тынып,
Соғыс келіп салды лаң...
Содан былай тостаған
Көпке дейін бос тұрды.
Тек бір күні дастарқан
Басына оны келтірді.
Қуанышты хабар аралай,
Жұрт тағы тойға жиылды.
Тостағандарға жағалай
Қызыл шарап құйылды.
Бақытты ана бұл күні
Келінін күтіп жүр еді.
Тостағандар күлкінің
Тығынын ашып жіберді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу