Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  90


Автор: Түрікмен поэзиясы

БИІК ТЕРЕК ҚАСЫНДА

Биік терек басына
Келіп бір сəт көз салғай,
Сұңқар көрсем, қосыла
Жүрегім тулар дəл сондай.
Биік терек қасына
Келді екенмін қанша рет.
Сол теректің басына
Сұңқар келіп қонса деп.
Келші менің биігім,
Терегіме қона кет.
Құштарым мен күйігім
Айтам өзің ғана деп.
Мен бір мұңлы баламын
Аңсап күткен жүзінді.
Асқақ құсым, қарағым,
Сүйер едім ізіңді...
Қанатыңдай – қос қолым,
Көзім отша жанады.
Биік терек, тос,
Менің
Сұңқарым келіп қонады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу