Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  110


Автор: Түрікмен поэзиясы

Таң

Қараңғыда ұлғайған
Көңілде бір дық бар-ды.
Өлім жайлы түнгі ойдан
Таңғы жарық құтқарды.
Үрлеп таза таң лебі,
Тірлік оты маздады.
Сəрідегі сəуленің
Нұры қанды қозғады.
Бəрі таныс, жаңа əрі,
Əсем өмір өрнегі.
Тың ой қанат қағады:
Сергітеді жол мені.
Жанды заттың бəрі де
Бағынады жарыққа.
Дүниені əріне
Келтіреді ол заматта.
Бұлтты əлемнің реңін
Нұрландырып таң келер.
Қараңғылық түнегін
Серпіп ашсын сəулелер.
... Таңда, жолда келемін,
Сергітеді ол мені.
Сөнбесіне сенемін –
Үміт,
Сенім
Мендегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу