Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  91


Автор: Түрікмен поэзиясы

СҮЙІН ҚАРТ

Аппақ шашы
Бұрқасындай құйындап,
Таңнан тұрып
Бақта жүрер сүйін қарт.
Көктем келсе тыным кетер қартыңнан,
Еңбектеніп, терін төгіп, шарқ ұрған.
Басын иіп,
Мəуелесе жемісі,
Ырыс күтер күзгі жомарт маусымнан.
Жүзімдікте
Бала-шаға шаттанып,
Асыр салар жемісін жеп, баптанып.
Кешкілікте отырар қарт құлазып,
Ешкім жоқ үй елеусіздеу боп қалып.
Сүйін қарттың қалар тауы шағылып,
Еріксізден сүйікті ұлын сағынып.
Оралмайды ешқашанда ол, амал не,
Туған мекен
Шақырса да зарығып.
Əйтсе де қарт жалықпайды күтуден...
«Келесің бе?»
«Келем!»
Қартты түсінгем.
Көлеңкеде отырады сүйін қарт,
Ойға батып томсарған бір пішінмен.
Көзінде – мұң,
Қабағында кірбіңі,
Бір ғасырдай
Жылжымайды бір күні.
Жол ториды қаққан қазық секілді,
Жат қалада ой, назары, ындыны.
Шақтарында
Үйден қонақ тарқаған,
«Келесің бе?» – деп сұрайды қайтадан.
«Келем!» деген үн естіліп, қызыл шоқ
Кеудесінен жарқ еткенін байқаған.
Ол күзетші –
Тыныштыққа тілекші,
Аспанда Ай қартқа қарап дір етті.
Болды отыз жыл жүзімдерін жəне де
Соғыс жайлы естелікті ол күзетті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу