Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  83


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҒАШЫҚТАР

Тыныштыққа малынып,
Маужырап тұр түнгі бақ.
Естіледі жаңғырық,
Жапырақтар сыбдырлап.
Əсем сазды əн құрап
Бұлбұл құстың үнінен,
Түн сөйлейді жалғыз-ақ
Ғашықтардың тілімен.
«Сəулем, мені ұмытпа»
«Айта көрме, ешқашан...»
«Көңіліңді суытпа»
«Керек емес басқа жан...»
Соңғы жұлдыз ол сөнер,
Таңнан хабар келгенде.
Əнге басар əтештер
Күн құлағын көргенде.
Ал ғашықтар жүреді
Түсінісіп жүрекпен,
Түні бойы көз ілмей.
Тыныштықты күзеткен
Сақшылардың өзіңдей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу