Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  119


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бұл қария басынан

Бұл қария басынан
Алпыс көктем өткерді.
Ысылып өсіп жасынан,
Қиындықты көп көрді.
Егін екті жайқалтып,
Жəне бала өсірді.
Ауған жүкті қайта артып,
Шыққан өртті өшірді.
Басы бурыл тартқанша
Өмір оны қайрапты.
Алпысқа иек артқанша
Жас жігіттей қайратты!
Қанша бейнет шексе де,
Айту қиын кəрі деп!
Ауыр жолдан өтсе де,
Күш-қуаты əлі көп!
Бұл көктемде егінжай
Өнім берді көл-көсір.
Етті мұрап жерін бай,
Осы болар өлмес ұл.
Жеңімпаз боп оралды
Соғыстан да ол ызғар...
Қарттығына ал оның
Біздің жастық қарыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу