Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  80


Автор: Түрікмен поэзиясы

СӨЗ КӨКТЕМГЕ БЕРІЛДІ

Терезені тырсылдатты тамшылар...
Құстар үні – əлдененің хабары.
Көктем жайлы жазсам деп ем.
Ал бұлар
Қаламымның сиясы боп тамады.
Айтсам деп ем мен көктемнің атынан
Көкірегімді толқытқан көп сөздерді.
Айтсам деп ем, аппақ қардың астынан
Көктем шығып, дүние қалай өзгерді,
Таудан құлап аққан бұлақ, өзендер
Егістіктің шөлін қалай қандырды, –
Көктем жайлы ел құлағы елеңдер
Ақтарсам деп ойлап едім бар сырды.
Бірақта мен ұйқас іздеп, сөз құрап,
Отырғанда, білмей не деп жазарды,
Алдымды орап,
Ілгеріге озып ап,
Күркіреп бір көктем өзі сөз алды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу