Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  94


Автор: Түрікмен поэзиясы

Көктем

Мөп-мөлдір бұлақ таулардан бұлқына ағады,
«Көктем келді!» деп көкектер əнге салады.
Жап-жасыл беткей,
Жондарын шуаққа жылытып құландар ойнақтағаны.
Бояпты көктем даланы көк нілге кілең,
Гүлдерін қадап, қырларға жайыпты кілем.
Бозбала таңнан оянып, думанға бөлеп,
Хорларын құстар бастапты байыпты үнімен.
Сəлемімді алғын, көктемім, кірпияз өңді,
Дүбірлі шағы дүниенің қайтадан келді.
Жақсылық тілеп баршаға жарқыл қағасың,
Еркіндік деген осы-ау деп айта алам енді.
Еңбектің күйін толғадың шабытқа мініп,
Өзіңді, көктем, қалыпты халық сағынып.
Жомарттық жасап, жер бетін гүлмен көмкердің,
Ғажайыптарға тəнті боп, шарықтады үміт.
Сыйласам нұр-тəж, боларсың олжалы, сірə,
Көк жиек кеңіп, жайнады тал, қамысы да.
Жылуың сенің адамдар жүрегіне еніп,
Айналсын гүлің бейбіт таң байғазысына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу