Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  85


Автор: Түрікмен поэзиясы

Есіңде ме, анам, өрт шалып ғалам...

Есіңде ме, анам, өрт шалып ғалам,
Соғысқа қарғыс жаудырдық.
Айлы түндерде айтушы ек мұңлы əн,
Жанардың жасын жаңбыр ғып.
«Тұлпарға мініп,
Қоштасты жігіт,
Алдында майдан бетпе-бет,
Шығады жаумен жекпе-жек.
Жарасты бойға жарқылдап өткір қылышың,
Сертіңде тұрып, батыл бол, жігіт!
Еліңе аман оралған күліп...»
Шыжыған аптап қайтқан шағында,
Қарбалас жұмыс қалт тынып.
Зарлы əнін ауыл айтқан шағында
Ай тұрды мұңға шарпылып.
«Түйе де кетті,
Ие де кетті,
Қаңырап үйім,
Келмейді күйім.
Қу жауды, жігіт, азат ет елді,
Біз шерткен күйдің
Сазы да шерлі...»
Баламыз онда, ұқпадық терең,
Қосылып əнге егілдік.
Əйелдер еңіреп, түнеріпті əлем,
Есіңде ме, анам, кеткені сонда шөкіп жұрт?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу