Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жазда

Күн шыжғырып, аптап қарып, дем бітіп,
Алқынтатын шақта туды өлеңім.
Нұр сімірдім, жаңбырдай ол сергітіп,
Өртенген күн қуанышқа бөледің.
Қарамастан кепкеніне таңдайдың,
Көлеңкені іздеп əуре болмаймын.
Сүйем нұрды, сүйем күннің шуағын,
Он бойымды аймалайды қыздырып.
Аптап шыңдап, нұр сіміріп тұрамын,
Рухтандырып себездеген ізгілік.
Дүние қаңсып, күн төбемде жанады,
Осы ғана жүрегімнің қалауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу