Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  90


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бұлақ

Үні тəтті бал бұлақ,
Тыңдай білсең болғаны.
Сыңғырайды əн құрап
Қоңыраудай қолдағы.
– Бұлағым-ау,
Бұлағым,
Ашшы алақан-омырау.
Берші,
Маған ұнады,
Үнің – əсем қоңырау.
– Бере алмаймын мен үнді,
Істерім көп сан түрлі.
Еңбек ету көңілді
Тəтті əуенмен тартымды.
Сыңғыр-сыңғыр қуанып,
Күні-түні аққаным –
Қандырамын суарып,
Мейірін ақ мақтаның.
Еңбек етсең ерінбей,
Іздегенің табылар.
Сол бір шақта сенің де
Қоңырауың қағылар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу