Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  92


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТҮРІКМЕНСТАНЫМ

Күн нұры елжіреп,
Аспаннан ағады.
Тұрады мөлдіреп
Жүзімдер сабағы.
Шалқыған айнала
Алтын дəн айдыны.
Ақ мақта қайда да –
Даламның байлығы.
Көсілген қыраттар
Үстінде нұр тұнған.
Наз үнді бұлақтар,
Балығы бұлқынған.
Қар жапқан шыңдарын
Тəкаппар таулары.
Күн сүйіп құм жалын,
Жайқалған баулары.
Аялап таң нұры,
Құлпырған қыстағым.
Осының барлығы –
Түрікменстаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу