Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  257


Автор: Түрікмен поэзиясы

СУ

Дейміз біздер су өмірдің тірегі,
Бұл шындықты əркімдер-ақ біледі.
Ал, су, неге қапырықтан қашасың,
Сеніменен жасармай ма гүл өңі.
Ғасыр бойы арман етті сені елім,
Ол арман да орындалмақ сенемін,
Сен боласың шөл даланың қожасы,
Үйткені мен канал тартып келемін.
Халық теңіз, мен бір жалғыз тамшымын,
Біле білсең, бұл зор бақыт, бар шыным.
Теңіз жерді жаңартуға жаралған,
Мен де жерді шаң-тозаңнан аршыдым,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу