Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  77


Автор: Түрікмен поэзиясы

Досыма

Ашғабатым гүлге оранды түрленіп,
Қонағым бол, құшағыма кір келіп.
Жатып жастық, тұрып төсек боламын,
Кел, достарым, бол қадрлі қонағым.
Қырқаларда қызғалдақтар жайнайды,
Дария толқып күйге толды аймағы.
Тоғайларда бұлбұл құстар сайрады,
Кел, достарым, бол қадірлі қонағым.
Сендерге арнап əсем гүлді теремін,
Сендерге арнап асылымды беремін,
Сендерді мен туғанымдай көремін,
Кел, достарым, бол қадірлі қонағым.
Жүрегімдей таза елімнің ауасы,
Көңілімнің жоқ ешкімге аласы,
Гүлге оранды Түрікменнің даласы,
Кел, достарым, бол қадірлі қонағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу