Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  101


Автор: Түрікмен поэзиясы

УА, ТҮРІКМЕН

Қорғасындай қара бұлт
Көкті тегіс қаптады.
Жұлдыз қалды қамалып,
Сығалар жер таппады.
Боран ұлып ышқынып,
Қалды демі сыртқа ұшпай,
Қарлықты үні тұншығып,
Бұғаудағы жыртқыштай.
Шықты жалғыз зар үні,
Түнек басып жер-көкті.
Өршіл өмір ағыны
Аяқ басса кер кетті.
Ана байғұс еңіреп,
Қалды көзі көруден.
Қара түнек түнеріп,
Шер кетпеді көңілден.
Тар күркеде бір шырақ
Тұр қалтырап өшкелі.
Жүзінде оның мың сұрақ,
Өміріне өкпелі.
Жанып бітті бекерге
Сексеуілдің қалдығы.
Соқыр көзге жылуы
Секілді еді таң нұры.
Уа, түрікмен, ер жүрек,
Нағыз сорлы сен едің.
Сол соқырдай еңіреп,
Жарық көрем деп едің.
Көрдің бе сен ұмтылып,
Осы күнде басқаны.
Алтын нұрлы күн шығып,
Жарқырап тұр аспаны.
Ұлан-байтақ жеріңе
Бақыт қонды бүгін кеп.
Тəуелсіздік еліме
Қолын созды күлімдеп.
Қайран ана, көзіңді аш
Шықты міне нұрлы күн.
Ұрпақтарың мəңгі жас
Бақыт құшып тұр бүгін.
Уа, түрікмен, көздерің
Секілді бір күн көзі.
Жайраңдаған жүздерің
Ашық аспан күмбезі.
Бақытты кім əперді
Қарашы бір өңірге.
Сені қайта əкелді
Жаңа ғасыр өмірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу