Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  93


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бұлақ

Биік таудан бал бұлақ,
Төмен қарай секірді.
Көрінгенге ол бірақ,
Соқтықпайтын секілді.
Бөгеген сай арасын
Жартас алдан жолықты:
– Қайда асығып барасың,
Тоқта, – деді, – сен мықты!
Жауап қатты бал бұлақ:
– Жібер мені теменге,
Күтіп жатыр атырап.
Шалғынына енем де,
Шəрбетіме қандырам.
Тұршы былай алдымнан!
Жартас түйді қабағын:
– Жібермейін сені, – деп,
Суынды алып қаламын,
Шідерлеймін сені, – деп.
– Оны өзің біл, – деді де,
Сылдыр ғана жай ғана,
Сиқырлана күлді де,
Жартасты өтті айнала.
Сылдыр-сылдыр сылдырап,
Əнге тағы салады
Шаршамайды бал бұлақ,
Таудан құлап ағады.
Жолығыпты бір сайға
Оған тегіс жол қайда?
Деген екен сай сонда
– Мен де қалсаң болмай ма?
– Айтасың ғой шыныңды
Бірақ тыңдай алмаймын.
Саған құйып суымды
Саябырлап қалмаймын.
Барамын бақша далаға,
Сен бөгеме жолымды.
Мені əлсіз санама,
Күшті десең орынды.
Қайнап шықтым тау қырдан
Менімен тайталаспа, –
Деп бал бұлақ шұңқырға
Қош айтысып əр асқан.
Тыным таппай ағады,
Тағы да əнге салады.
Қырлар мен бау-бақшаға
Бұлақ жетіп барады.
Енді дөңге кез болды,
Ілезде ағыны өзгерді.
Сонда оған дөң деді:
– Осында қал бал бұлақ.
Менімен бір бол, – деді.
Жорта бермей қаңғылап.
– Асығыспын, бегеме,
Деді бұлақ, – өтінем!
Дөкең бұған көне ме,
Қайтпайды өз бетінен.
– Жібермеймін мен, – дейді
Кете алмайсың сен, – дейді.
Ашуланды бал бұлақ,
Суы гүж-гүж етеді.
– Тұра алмаймын мен шыдап,
Жібер енді жетеді!
Болды оқиға бір қызық,
Бұрын-сонды көрмеген,
Дөңнен суын бұрғызып,
Бұлақ қайта ерлеген.
Əні қандай көңілді,
Бұлақ ақты сылдырап.
Қөкпеңбек боп өрілді,
Қауын, қарбыз, нулы бақ.
Сылдыр қағып барады,
Жүрген жолы гүл жайнап.
Бір құлпырып қалады,
Жеткен сайын суы ойнап.
Қағыс етпей ешбірін,
Əркімге нəр алдырып.
Дарқандықпен кешті күн,
Жұрт мейірін қандырып.
Жүрді солай ақ бұлақ,
Суын бұрып шапқылап.
Жартасқа да болмады,
Шұңдырға да тұрмады.
Дөңнен асты, тулады,
Қайран бұлақ сулары.
Жортса дағы қаншама,
Шаршамайды, көңілді.
Бұлақ ғажап соншама,
Гүлдендірген өмірді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу