Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  97


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАЛАПАН

Қатар өскен тобыңнан
Қайда кеттің, балапан?
Жалғыз жүріп, жолыңнан,
Жем таппассың, балақан!
Туыстардан бөлініп
Кетем деме, балапан,
Секеңдеме, балапан!
Əй, балапан, балапан,
Сен дəрменсіз балақан!
Енең дəн де тереді,
Шегіртке ұстап береді.
Сол енеңнің қасынан
Кетем деме, балапан.
Секеңдеме, балапан!
Əй, сары үрпек балапан.
Көппен болшы, балақан.
Қара құсқа жем болма,
Сорың қайнап, жер болма.
Көпшіліктен бөлініп
Кетем деме, балапан
Секеңдеме, балапан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу