Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  144


Автор: Түрікмен поэзиясы

ГҮЛДЕР АШЫЛДЫ

Бас жарды гүлдер бар жерде,
Таудағы тастай гүлдер көп.
Бұйырар бұлар кімдерге
Үзеді екен кімдер кеп.
Самал кеп бақты оятты,
Аймалап өпті жүзімді.
Əніне басты ол тəтті
Ұйқы да қашты, бұзылды.
Екпіндеп кейде баяулап,
Сібірьге кетті жел əлгі.
Көктемнен қызыл бояуды ап,
Ұйқыдан гүлдер оянды.
Үйректер жүрді көгімде
Тырналар ұшты бір қора.
Құс салған əннен тегінде,
Бас жарды гүлдер мұнда да.
Аспанның астын жаңғыртып,
Мұзды өлке жаққа кепті құс.
Мұнда да гүлге жан бітіп,
Мұнда да мұзды кетті қыс.
Сəулешім, гүлдер ашылды
Шығайық кəне серуенге.
Жел өпсін сенің шашыңды,
Нұр толсын менің кеудеме




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу