Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  111


Автор: Түрікмен поэзиясы

БІЗДІҢ ЕЛГЕ ҚҰСТАР ҰШЫП КЕЛЕДІ

Бұлттай бейне Ашғабаттың үстінен,
Барады ұшып қанат қағып құс кілең.
Жабайы үйрек қалқып ұшып барады,
Қанатында Африка самалы.
Біз жақтағы көлге келіп қонады.
Егін жаққа барады ұшып кептерлер.
Сағым менен араласып көкке өрлеп.
Қаздар қеліп у-шу қылды даланы,
Бір қатары көлшіктерге қонады.
Таранады, мəз-берекет болады.
Құстар, құстар, сапарларың оң болсын,
Жас көктемнің мерекесі сендерсің.
Майсалармен, талай мөлдір өзенмен
Сендерменен ұшқанымды сезем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу