Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

АРМАНЫМ МЕНІҢ

Отты арман, арман, арманым,
Тəттісің қандай сен маған.
Еңбекке толы күндерді
Тірлік пен саған арнағам.
Қалайша өмір сүрем мен
Осынау тəтті армансыз.
Армансыз мен де өмір жоқ,
Армансыз жүрер жол мəнсіз.
Армансыз адам қанатсыз
Бүркітке мүлдем ұқсайды.
Армансыз гүлдей соласыз,
Қанатсыз бүркіт ұшпайды.
Немесе түнде маңырап,
Қозыдай қалған далада,
Таба алмас едім жолымды
Тап болар едім молаға.
Арманым, достар, көп менің
Жетпеймін тіпті санына.
Білмеймін жəне олардың
Қайсысы жақын жаныма.
Арман-ай, арман, отты арман,
Қанат қып сені өскен ем.
Өзіңе ылғи мас болып
Ұйқыға кетем кеште мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу