Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  147


Автор: Түрікмен поэзиясы

Ана

Ойласам анам жайлы оңашада,
Бір аңыз жүрегіме жол ашады.
Бір жігіт – əлді жігіт баяғыда
Қарамай анасының қабағына,
Тілдепті қалай болса солай оны,
Анасы төзген дейді барлығына.
Сорлы ана барлығына көне берген,
Титықтап болса дағы ол өлермен
Күндіз-түн еңбек еткен, аянбаған
Күні өткен жетем-деумен, көге
Бірақта баласына кірмей ақыл,
Анасын жəбірлепті күнде пақыр.
Айтқанға көнбей туған қисық бопты,
Қылық жоқ, мінезі де жоқ бір де татыр.
... Арада айлар, жылдар зулап өткен,
Жігіттің бір сұлуға қолы жеткен.
Өзі де үш балаға əке болған,
Өкінген сонда барып күніне өткен.
Өкініп өз ісіне сонда бала:
– Анашым, айналайын аяулы ана,
Түсіндім өз қатемді саған еткен
Жуамын сол кінəмді қалай ғана.
Дегенде ана үнсіз күрсініп ап:
– Күнəнді балам кештеу түсіндің, қап.
Бірақ та құтылатын бір-ақ жол бар,
Шын келсең, мойыныңды ұсынып-ақ.
– Айт, ана,
Тілегіңді екі етпейін,
Қолыңнан күндіз-түні жетектейін.
– Айтайын,
Айт деген соң, қозым менің,
Бұл жайды бала кезде сезінбедің:
Көтер де, жаным балам,
Мені арқаңа
Дүниенің төрт бұрышын кезгін дедім.
Жанымды жараладың өте менің,
Бəрібір сені, балам,
Мəпеледім.
Дүниені мені арқалап бір айналсаң,
Бір күндік азабымды өтегенің.
Бірақта кешіреді ана бəрін,
Қорғайды, өсіреді балаларын.
Анамды оңашада есіме алсам,
Осы аңыз естіледі маған əр күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу