Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  81


Автор: Түрікмен поэзиясы

ИСМАНАК

Тұр шатырлар қаз-қатар,
Далада үлкен той бардай.
Бидайдың бауы көз тартар,
Биязы жүнді қойлардай.
Комбайн жортып келеді,
Толып тұр əнге бар маңай.
Алқапқа мынау əдемі
Көл орнап кенет қалғандай.
Иіліп бидай бастары
Жерменен сəлемдескендей.
Мына бір жалғыз арам шөп
Əдейі мұнда өскендей.
«Арам шөп мұнда неге өскен,
Тастайын жұлып қолыммен»
Өзіммен болып кеңескен
Қасына бардым оның мен.
Қолымды создым жайлап мен
Жақындап келіп əлгіге.
Есіме түсті кенеттен.
Анашым айтқан əңгіме.
Шөп емес, отты ұстардай,
Селк ете түстім, дір еттім.
Бейне бір зəрем ұшқандай,
Алдында мынау құдыреттің.
Анашым айтқан: «сұм ажал
Қылышын ұстап шықты алдан.
Исманак деген шөп ғажап
Тек содан бізді құтқарған.
Талықсып жетсек азанда,
Дəміміз еді тататын .
Ол анау қара қазанда
Бұрқылдап пісіп жататын.
Жеткіздік сүйреп ол бізді
Осынау күнге қарағым,
Зар қылды тəтті лебізге
Басымыздағы қара күн.
Қара нан жеу де мұң еді,
Құм болды біздің күш-талап,
Қолтықтан бізді сүйеді
Сонда осы сорлы-исманак.
Қалайша оны үзермін,
Қолымды тарттым танып қап.
Ырысын көріп жаңа елдің,
Ол өсе берсін шарықтап!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу