Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  118


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТҮРІКМЕНСТАН ҚАРТАСЫНЫҢ АЛДЫНДА

Бір жағында – Бахри хазар,
Бір жағында – қарт Əмур,
Бір қолтықта теңіз базар,
Көзді алыстан тартады.
Бір қолтықта – сұлу өзен,
Сұлу бикеш бар тағы.
Бұл табиғат осы өлкеге
Күн жалынын сыйлаған.
Қораш-қораш көлеңкелер
Желдің əнін тыңдаған.
Құм үйіпті бұл өлкеге,
Көшіпті ылғи құм тауы.
Сортаң жерлер сол көшкінді
Ақ тұзымен қымтады.
Тек алыста қара толқын
Шаттық əнін шырқады.
Қатаң, сараң сол табиғат
Қателесті дегенмен.
Нұрлы бақыт, бақыт қымбат
Қайда қашсын ер елден.
Кілтін алды түкмендер
Сол байлықтың өнермен.
Көкшіл теңіз – оң қолында
Түрікменнің бүгін де.
Сары өзені сол қолында
Тасып шыққан күйінде.
Түрікмендер сол теңізді
Оң қолына жылжытты.
Ағып жатыр Жейхұн ізгі
Мəз-мейрам ғып бұл жұртты.
Түрікменнің қолы бүгін
Жетіп қалды беліне.
Екі қолы бірігер күн
Алыс емес əлі де.
Со бір кезде көрші бізді,
Көрші бізді бауырлар.
Қай уақытта келсеңіз де
Күлімдеп жұрт қабылдар.
Коммунизм шам шырағы
Қарақұмда жанады.
Алтын күндер, тау шуағы
Құшағына алады.
Бахри хазар бір жағында,
Бір тағында Əму бар.
Кел де өзің жүр жанымда
Досым болсаң сағынар.
Өзенді ұстап бір қолына,
Бір қолына теңіз ап,
Түрікменстан, Түрікменстан
Келешекке адымдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу