Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бала кезгі ойым мен

Бала кезгі ойым мен
Армандарым есімде.
Еркін өскен едім мен
Туған жердің төсінде.
Жағасында теңіздің
Толқын кешіп есейдім.
Естелігін сол күннің
Қызыл шоқтай көсеймін.
Жұлдызды аспан суреті
Көшкен бе əлде теңізге.
Өткен күннің бір беті –
Қарай берем көп ізге.
Қайығымды қамшылап,
Жарысамын толқынмен.
Теңіз дəмін мен тамсап,
Қауышамын сол күнмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу