Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  83


Автор: Түрікмен поэзиясы

Саған

Қоштасып ең жаңбыр жауып тұрғанда,
Су-су болған орамалмен қол бұлғап.
Каспий өттім,
Ұзақ жүрдім мен жолда,
Көз алдымнан кетпей қойдың сен бірақ.
Келмейді əсте күдерімді мен үзгім,
Жағалаудан сені көрем бұл маңда.
Анау арғы беттерінен теңіздің
Азиялық Ай қарап бір тұрғанда.
Тынысыңды терең алып,
Сен мені
Ұмытуға тырысасың...
Ал бірақ
Пошташыдан: «Хат жоқ па?» – деп,
Сезбейсің
Қалай сұрап қалғаныңды абдырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу