Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  79


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚОТЫРТЕПЕ

Шаң боранын соқтырды,
Тас табада кептірді –
Құмдарыңды, Қотыртепе.
Қарғыс тілді бетінді,
Қотыртепе, Қотыртепе.
Сенің бау мен бағыңа
Гүл өспеді, Қотыртепе.
«Шөл кемесі» жолыңа
Ілеспеді, Қотыртепе.
Бірақ бізді шөлдеген
Жылатпадың, Қотыртепе.
Сусындатты мол, кенен
Бұлақтарың, Қотыртепе.
Сүйіп едім сені үзбей,
Құлай тіпті, Қотыртепе.
Тереңіңнен теңіздей
Мұнай шықты, Қотыртепе.
Құм астында ырыс-құт,
Данқ та бар, Қотыртепе.
Ұқсағандар өзіңе –
Алып болар, Қотыртепе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу