Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  79


Автор: Түрікмен поэзиясы

Құйын

Салт атты жүр салып сайран,
Біздер жаққа бағыт алған.
Шалғайдағы жат өлкеден,
Шықты ма əлде алып таудан?
Басып төбе, сай, жыраны,
Бел-белестер, қалды бəрі.
Кесірткілер құйрықтарын
Іздеп басын дал қылады...
Өсімдіктен дегбір кетіп,
Тұр гүл шоғы дір-дір етіп.
Қарыған от тұяқтардан
Қыңсылайды құмдар көшіп.
Жалаң қылыш беліне асып,
Жаһанда жүр асып-сасып.
Біреулерді қуады ма,
Салт атты өзі жүр ме қашып?
Күн күмəнмен қарап тұрар,
Сол салт атты емес тынар.
Əмудария толқынына
Шашылады ұмар-жұмар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу