Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

МАРЫМ

Марым – ата мекенім,
Барымды тарту етемін.
Көгере берсе көсегең,
Жаныма қуат етемін.
Марым бүгін жайнады,
Ақ алтынның аймағы.
Əр отауы миллионер,
Жердің бейне қаймағы.
Қуанам əрбір күніңе,
Қуанам өскен гүліңе.
Күйі ғой шат еңбектің,
Бұлбұлыңның үні де.
Бойына жасыл көшеннің,
Кілемдей жырым төседім.
Жайқалса гүлің мəуелеп,
Өзіңдей мен де өсемін.
Марымның көрдім бұл күнін,
Аймағы ақ алтынның.
Туған аулым – тұғырым,
Шуақты жері халқымның




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу