Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЕНІҢ ҮНІҢ

Сенің үнің тау-шатқалды аралап,
Көктем күйін шартарапқа жеткізді.
Ал жаңғырық жүз реттен қайталап,
Тірі жанның бəрін елең еткізді.
Орман-тоғай тыңдай қалып бұл əнді,
Жапырақ-алақандарымен қол соқты.
Бұтақтағы қарғалар да қуанды,
Əр дыбысын іліп алып жел кетті.
Бұлбұлдар да сайрап ала жөнелді,
Бұл əуенге үнін қосып тезінен.
Дəлелдеуге кіріскендей ол енді
Ешкім асып кетпейтінін өзінен.
Сен бұлбұлмен түспей-ақ қой жарысқа,
Ол тек қана сайрай алар көктемде.
Қысы-жазы тынбай жетіп алысқа
Естілетін ең таза үн тек сенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу