Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  108


Автор: Түрікмен поэзиясы

ГҮЛ АЙЫ БАР КӨКТЕМНІҢ

Ауа райы бұзылды –
Көктемді ашу жеңді ме.
Табиғат та құдіретін
Көрсеткісі келді ме.
Жын шақырған бақсыдай
Аспан əлем-тапырық
Болып кетті,
Кенеттен,
Қарлы жаңбыр сапырып.
Қарақұмның көлінде
Айтып жатты мұз өлең.
Менің туған Хасарым
Қарға батты тізеден.
Тығылды үйге адамдар
Күтпеген бұл суықтан.
Боран соқты... Алайда
Көктем келер жуықта.
Қорқыныш жоқ ендігі
Шуақ төгер көктен күн.
Біздің жүрек секілді –
Гүл айы бар көктемнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу