Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  83


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЕСІМДЕСІҢ ƏРҚАШАН

Қыстыгүні – көктемді,
Жазда қысты сағынам.
Өткен күнде жоқ белгі,
Мен бүгінге бағынам.
Қалада ішім тарылып,
Қашам ауыл, далаға.
Бір айдан соң жалығып,
Қайта келем қалаға.
Жаяу жүрсем жер иіскеп,
Жалтақтаймын көлікке.
Көп ұзамай екі аяқ
Көнбей кетер ерікке.
Жазық жерде көп жүрсем,
Тауға шыққым келеді.
Онда біраз бөгелсем,
Көзбен шолам төменді.
Мəңгілік жоқ өйткені,
Алдан жаңа əн тосам...
Ұмытпаймын тек сені,
Есімдесің əрқашан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу