Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  83


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШАРТ

Мен өзіме заң шығардым бұлжымас,
Достарым да қабылдаса қынжылмас.
Шарттары оның өте қатал, өткір тым,
Сындарынан сүрінбесем деп тұрмын.
Дос қайғысын бөлісу де ойда жоқ,
Тайраңдасам шақырмаған тойға кеп,
Жүре алмасам ту ғып ұстап достықты,
Онда менің тірлігім де бос, тіпті.
Жолға шықсаң – дамыл іздеп жалтарма,
Сөз бердің бе – тау тұрса да талқанда.
Қиын шақта берген досқа көмегін,
Жалтақтауды жөнсіз қылық дер едім.
Жанымдағы жақсылықты нұр етем,
Не болғаным оған өтеу тілесем.
Мақтан тілеп, қайырымымды бұлдасам,
Досқа өзімді онда қалай сыйлатам.
Өле қалсам – өкінбеңдер аһ ұрып,
Жыла жаймен, бойға сабыр шақырып.
...Дəл осындай шарттарым мен заңым бар,
Ұнар ма екен, достар қалай қабылдар?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу