Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  97


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жол

Даланың жолы шық түскен түнде,
Жшарлайды сені ыстық бір күнде.
Шарладым қырды,
Шарладым ойды,
Қадамдап, қарыштап,
Кездім – кеттім алыстап,
Мезгедім –
Не іздедім?
Бар ма сенің білгенің?
Даланы көктем баураған кезде
Ақ бұлт көкте зулаған кезде,
Ішкенде жайраң бұлақтан қанып,
Сейілге шықтым аулаққа барып,
Елігіп жүрек лепірді бұлқып,
Көз тіктім, шексіз көңілім ынтық
Неге ынтықпын,
Неге ынтықтым
Бар ма сенің білгенің?
Аһ, ыстыққа күйіп балқыды денем,–
Қайғыға төзіп, шаттыққа бөлен,
Өмірден солай жолдама алдым –
Шайқасқа шықтым, барлауға бардым,
Заңдарын ұқтым –
Майданның өрлі
Бар екен шыңы шақырар ерді.
Сол биік ерге береді қуат,
Сол жерден табар мызғымас тұрақ.
Аһ, шайқастың жері,
Аһ, сүйкімді өмір!
Əзірмін сенің сыныңа небір!
Бұйырсаң барып, жазамын дертті,
Бұйыр, жетіп, сөндірем өртті,
Бұйырсаң кіріп, күйретем жауды,
Бұйырсаң баптап, жайнатам бауды,
Келтіріп сəнін саламын қала,
Кетпей ешбір қызықтап қана,
Өмірге келдім, білсін деп мені,
Толғайды мені өнердің жөні,
Жылытсам деймін адамның жанын,
Өсіріп көңіл, қыздырып қанын,
Сүйсінтіп елді еңбегім менің,
Болашақ кейде еске алса деймін.
Қызықтау үшін шыққаным жоқ қой,
Өмірден менің ұққаным көп қой,
Əнім бар əсем шырқатып өтер,
Болады ізім – ұрпағым өсер.
Шаршайын мейілі, сапардан ұзақ,
О өмір, сенсің аңсарым бірақ,
Болады жазым, болады күзім,
Қалады ізім, жайнады жүзім,
Шыңдалам ширап шайқасқа кіре,
Қуат бер, елім, оң сапар тіле!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу