Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  115


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҒАШЫҚПЫН

Қуарған құмды ұшырып,
Аңызақ соқса тұлданып.
Сол жерге өмір ұсынып,
Ағады өзен ырғалып.
Жамылып ақ тон сыртыннан,
Жастанып көк мұз түледің,
Қызылды-жасыл құлпырған,
Майдағы қайда желегің?
Көгілдір тұман төсіңе,
Қалғиды басын сүйеніп.
Ашғабат түссе есіме –
Қарама маған түнеріп,
Көтеріп бурыл басыңды,
Аму-дария амандас.
Ескертпе маған жасыңды,
Бұл күнде болдық замандас.
Талай жер көрдім мақтаулы,
Тең емес саған бірі де.
Кеудемде көркін жаттаулы,
Есімде қысқы желің де!
Төксе шұғла көктен күн,
Сыйлады далаң гүл шоғын.
Бұлбұлы болып көктемнің,
Ұсынды ақын жыр шоғын.
Құм дала шөлден қысылма –
Өзенді сыйға беріпті.
Ғашықпын Жейхун1 қысыңа
Ақ тоның қандай көрікті




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу