Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  82


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕЙМАН БОЛЫП КЕЛІҢДЕР

Достар, бізге мейман болып келіңдер,
Қарақұмның құшағына еніңдер.
Гүлдерімнің жұпарына қаныңдар,
Түрікменнің пак жүрегін таныңдар.
Ауамыз бар, бейне мөлдір сырымыз,
Шəрбəттан да тəтті-ау ішер суымыз.
Қауынымыз шипа-дару секілді,
Бір тістесең, жазып берер дертіңді.
Мың жасаған шынарымыз саялы,
Күн түсірмей жапырағын жаяды.
Даламыз бар анамыздай жаны ізгі,
Түрікменннің дастарқаны тəрізді.
Самалымыз маңдайынан сипамақ,
Лұқпанның қолдарындай шипалы-ақ.
Туған жерім, топырағым тынысы –
Мың тағдырдың таусылмайтын ырысы.
Білесіңдер:
Жаздың тымық шағында
Тас төбеде тұрады күн жалындап.
Жылдар бойы сол ыстықта келеміз,
Құрыш құсап шымырланды денеміз.
Жаз айларын жақсы көрдік сондықтан,
Бізден артық кімдер сірə оны ұққан?!
Біздің жаққа мейман болып келсеңдер,
Сендер де оны сүйесіңдер, сенсеңдер.
Көрдіңдер ме Қарақұмның реңін,
Түрікменнің гүлден əсем кілемін?
Жарларымыз жұмсап бүкіл өнерін,
Жақсартуда туған жердің бедерін.
Тоқиды олар таңғажайып кілемді,
Жазады ақын соған ұқсас өлеңді.
Асқан əнші Сақи-бақсы дарынды
Қос ішекке қояр жалғап жаныңды.
Қолдарыңды қысып тұрып, ағайын,
Жүрегіңнің от сезімін ұғайын.
Мейман болып келіңдерші,
Достарым,
Құшағыма еніңдерші, достарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу