Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  159


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бауырлар

Палау пісті... Таң шапағы құйылып,
Бес стакан шарапқа нұр тоғысты.
Бірге туған төртеу бүгін жиылып,
Еске алады сол баяғы соғысты.
Бесіншісін... айтып, көңіл жүдейді,
Бос тұрмасын стаканы, толсын тек!
Бал шарапты көтергендер тілейді:
– Ұрпақ өссін, ұзақ ғұмыр болсын! – деп.
Шарап лаулап, жанға содан от түсті,
Қиял ұшты қанды майдан жолына.
...Ту түбінде бауырлары оқ құшты,
Одессада, түспей жаудың қолына.
Бір стакан қалды ішусіз... Көңілде
Бейбітшілік болсын деген тос-тілек.
Құдды мына қарашаңырақ төрінде
Төртеу емес, қатар соғар бес жүрек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу