Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  82


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАЙТА ОРАЛ

Аттандырып тұрмын сені соғысқа,
Ағаберді, асыл жарым, аман кел.
Сені күтіп, көз тігемін алысқа,
Сүйіктім-ау, тілегім сол, аман бол!
Тұтқиылдан ел шетіне жау келді,
Ел қорғауға кетіп жатыр бəрі де.
Мен қалайша бөгей алам ал сені,
Құдай жазса көрісерміз əлі де.
Неткен тағдыр, бірге болдық екі-ақ ай,
Бас айналып қуаныш пен бақыттан.
Ұзағынан сүйіндірмей, о тоба-ай,
Бұл не еткенін, айырғаның шаттықтан.
Аз жедім бе бұл тағдырдың таяғын,
Мені неге жазаладың тым қатал.
Сұм соғыстан аман қайтшы, аяулым,
Кеткен ерлер, бəрің, бəрің қайта орал!
Жақсылықтан адам үміт үзе ме еш,
Бұл соғысты жақсы деп кім айта алар.
Кетсе жаудың өзі кетсін,
Біз емес,
Жерімізден біз кетпейік,
Қайта орал!
Огулбике, жаның сонша күйзелді,
О Жаратқан, мейірім күш маған бер.
Мүмкін бе екен ұмытуың сүйгенді,
Ағаберды, асыл жарым, аман кел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу