Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  150


Автор: Түрікмен поэзиясы

БЕЙБІТШІЛІК КӨШЕСІ

Жайқалады алма, жеміс ағашы,
Əппақ үйлер аумаған кіл ақша бұлт.
Бүгінгі бір ауыл көркін қарашы,
Тағы жаңа көше келді жақсарып.
Көңілді күй, əсем əндер шалқиды,
Көк жүзінен жұлдыз сəуле төгеді.
Жаңа қоныс тепкен жандар əрқилы
Бұл көшеге əртүрлі ат береді.
Тұрды, міне,
Қыран қабақ қарт адам,
Өзі де сол қыран бүркіт секілді.
– Көшеміздің есімінен аталған
Өміріміз көрінсін, –
Деп желпінді.
Қысқа ғана атағынан көшенің
Біздің күллі мақтанымыз танылсын.
Болсын онда жеміс бағы неше мың,
Одан тынбай бұлбұл үні ағылсын.
Болсын онда шетсіз-шексіз даламыз
Ақ торғындай ақ мақтаны жамылған.
Болсын онда айтқан əндер анамыз
Кетпей сəби бесігінің жанынан.
Болсын онда жауынгерлер кешегі
Бүгін келіп комбайнды жүргізген.
Болсын онда жас малшының меселі,
Таң сəулесі дүниені күлгізген.
Болсын онда туған елдің таң нұрлы
Ертеңгі мен бүгінгі зор есесі...
Шешілді ақыр жаңа көше тағыдыры:
Ол атанды –
Бейбітшілік көшесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу